BG компаниясының басқарушы директоры жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстанда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
BG компаниясының басқарушы директоры жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстанда болды

BG компаниясының басқарушы директоры жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстанда болды

BG компаниясының Азия және Таяу Шығыс елдері жөніндегі басқарушы директоры әрі атқарушы вице-президенті Дэйв Робертс жұмыс бабындағы сапармен Батыс Қазақстан облысында болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясының бұқарамен байланыс жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Д.Робертс Қарашығанақ кенішінде болып, кенішті игеру жұмыстарының барысымен танысып, КПО басшылығымен және қызметкерлерімен кездесті. Сондай-ақ, ол 2003-жылы пайдалануға берілген КПК, ГП-3, ГП-2 және Қалашық тәрізді нысандарда болды.

Сондай-ақ, BG компаниясының басқарушы директоры Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовпен жүздесті. Кездесуде Қарашығанақты бірлесе игеруші компаниялар мен Батыс Қазақстан облысының басшылығы арасындағы өзара ықпалдастықты дамыту жолдары талқыланды.