БҒМ басшысы компьютерлік клубтарды бақылайтын жауапты орган құру керек деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҒМ басшысы компьютерлік клубтарды бақылайтын жауапты орган құру керек деп есептейді

БҒМ басшысы компьютерлік клубтарды бақылайтын жауапты орган құру керек деп есептейді

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алудың бір шарасы - компьютерлік клубтарда бақылау енгізу, деп есептейді білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов.

  • 30 Маусым 2011
  • 698
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бүгіндері елде 1,5 млн оқушы қатысып отырған үйірмелер, спорттық секциялар мен басқалар жұмыс істеп тұрғанына қарамай, кәмелетке толмағандардың бос уақытын толтыру проблемасы өзекті болып отыр.

«Бұл ретте аулалардағы жасөспірім клубтарын ұйымдастыру бос уақытты толтырудың бір жолы болуы мүмкін. Елімізде жұмыс істеп тұрған 700-дей компьютерлік клубтың қызметін реттеу қажет. Кәмелетке толмағандардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етерлік жауапты органды жоғарғы деңгейде анықтау қажет, оның ішінде осы компьютерлік клубтардың қызметіне қатысты органдарды да», — деді ол үкіметтегі ведомствоаралық комиссияның құқық бұзушылықтың профилактикасына арналған отырысында.

Соңғы кезде республикада жасөспірімдер арасында суицид фактілері орын алуда. Сондықтан, дейді министр, мүдделі органдар арасындағы ынтымақтастықты күшейту керек. «Сонда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік саясаты суцидтің алдын алуда өз жемісін береді».

Одан басқа, БҒМ басшысы отбасының рөлін арттыруды ұсынды.

«Кәмелетке толмағандардың қылмысқа баруындағы елеулі себептерінің бірі – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлінің төмендеуінде. Ата-аналармен жұмыс істеу, мұғалімдерді, психологтарды, отбасылық дәрігерлерді, учаскелік инпекторларды оқыту жөнінде кешенді отбасылық ағарту жүйесін құру қажет. Отбасының рөлін арттыруға ерекше назар аудару қажет деп есептеймін. Бұл жерде БАҚ елеулі рөл атқаруы тиіс. Халықта отбасыға деген біртұтас көзқарас қалыптастыратын арнайы хабарлар, мақалалар керек», — деді Б. Жұмағұлов.

Министрліктің мәліметтерінше, республикада 5 млн-дай бала болса, олардың 3 млн-нан астамы мектеп жасындағы балалар.

Бүгінге елімізде 7,5 мың орта мектеп бар да, оларда 7,5 мыңнан астам психолог және 3,1 мың әлеуметтік педагогтар жұмыс істейді. Олар кәмелетке толмағандармен жеке-дара профилактикалық жұмыс атқарады.

Министр мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының арқасында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс көрсеткіші төмендегенін атап өтті. Мысалы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жыл сайын 7%-ға төмендеп келеді. 2010-шы жыл көрсеткіші бойынша, көрсеткіштің төмендеуі 14,4% болды. 2010 жылы ішкі істер органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандар саны 8%-ға қысқарды, сәтсіз отбасылар саны 1,6%-ға, ата-аналық құқығынан айрылған ата-аналар саны 2,9%-ға азайды.

«2010 жыл қорытындысында түнгі уақытта кәмелетке толмаған балаларды ойын-сауық орындарына бақылаусыз жіберген 4 мыңнан астам ата-ана мен 1 мыңнан астам сондай мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 18-ге толмаған балаларға темекі сатқан 2 мыңнан астам кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылып, балаларға алкогольдік ішімдік сатқандарына айыппұл салынды», — деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар