Жерлесіміз ара қашықтықты 35 минут 42,8 секундта еңсерді. Біздің биатлоншдына 34,4 секундқа қалып қойған жапондық Нагаи Дзудзи (Nagai Junji) күміс жүлдегер атанды. Қола жүлдені қытайлық Жень Лон (Ren Long)иеленді.
Айта кетейік, Александр Червяков кеше өткен ерлер арасындағы 10 шақырымға созылған спринттік жарыста мәре сызығын бірінші болып қиып, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын. Биатлон жарысынң ережесіне сәйкес, ол бүгінгі жарыс жолына кеше екінші орын алған Жень Лонға қарағанда 6 секунд бұрын шықты. Жарыс жолы төрт ату кезеңінен тұрды. Жерлесіміз бірінші ату кезеңінде нысананы бір мәрте дәл көздей алмағанымен, екінші ату кезеңінде барлық оғын дарыта алды. Үшінші ату кезеңінде нысананы үш мәрте, ал төртінші ату кезеңінде бір мәрте дәл көздей алмады. Бірақ осыған қарамастан А. Червяков мәре сызығын бірінші болып қиды. Оның басты қарсыластары Нагаи Дзудзи мен Жень Лон да бірнеше мәрте нысананы дәл көздей алмағандықтан, жерлесімізді басып оза алмады. Сөйтіп олар күміс және қола жүлделерді місе тұтты.