Бибігүл Дәулетбекқызы Тшанов туралы: Бұл кісі тарихта Аңыз адам болып қалары хақ! - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Дәулетбекқызы Тшанов туралы: Бұл кісі тарихта Аңыз адам болып қалары хақ!

Бибігүл Дәулетбекқызы Тшанов туралы: Бұл кісі тарихта Аңыз адам болып қалары хақ!

Осыдан біраз уақыт бұрын Республикалық спорт колледжінің студенттері Амалбек Тшановтың өздеріне қысым көрсетіп, оқудан шығарып жатқанын айтқан еді.

  • 28 Қараша 2019
  • 122
Фото - Caravan.kz


Осыған байланысты журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Шымкенттің экс-әкімін жақтап шықты.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүлікшілер мен аяқтан шалушы арызқойлар әр елде бар. Болады да. Бола береді де. Ол заңды нәрсе. 
Кім не айтса да, бұл кісі тарихта Аңыз адам болып қалары хақ. Ағамыздың өз ұлтына жасаған мыңдаған жақсы ісін, ешкім, ешқашан өшіре алмайды. Осы күнге дейін Тараз қаласына барғанымда: "Мына кіре берістегі арканы Амалбек Тшанов деген әкім жасаған. Мықты кісі болатын" деп жатады. 
Осындай мықты азаматымызды бағалай білейік, жастар! Бұл кісінің жанында бір сағат отырсаңыз, рух аласыз. Былтыр бағдарламама келгенде ауызымыз ашылып, кәдімгідей демалып қалғанбыз.

Сізді осы күнге дейін бүкіл ТМД елдерінің спортшылары сыйлайды. Басын иеді.
Қаншама спорт жастарын әлемге танытып жатырсыз. Батыр Жүкембаевты қолынан сүйреп жүріп шетелге апардыңыз. Дәл бүгінгі күні Қанат батырымызды демеп жүрген Амалбек Қозыбақұлы.
Өз қазағыңыз бүйірден түйіп жатқаны жаныма батты. Негізі сондайларға өзіңіздің кім екеніңізді көрсетіп қоятын кез келген секілді. Арадан бір арызқой шықты деп, еңсеңізді түсірмеңіз. Бірақ, мен кімге айтып отырмын? ) Сіз онсызда ондайдың талайынан өткен Батырысыз ғой. 
"Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды". 
Аға, мына отырған жастарға Сіз керексіз! Сіздің ержүректілігіңізді сыйлаймын. Аман жүріңіз, Амалбек аға!
Сіз ешкім айта алмаған шындықты айта білдіңіз билік басында отырғаныңызда", — деп жазды журналист.