Бұл туралы ол "Qasqa jol" YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Әкем қазір үлкен қария, 85 жаста. Қай кезде қай әйел алды, қанша баласы болды ол ешкімге қызық емес болды деп ойлаймын. Мен бір әке, бір шешеден бір баламын. Әкем маған барлық жағдайды жасады, жақсы қарады, өсірді, білімін берді, тәрбиесін берді. Екінші әйелден тудым", — деді ол.
Сондай-ақ, Жанболат Мамай өзінің туған әпкесі Бибігүл Мамай туралы да сөз етті.
Бибігүл Мамай әкемнің бірінші әйелінен туды. Мен оны былтыр сұхбатқа дейін тірілей көрген емеспін. Осы күнге дейін оны тірілей көрген емеспін. Ол әкесін, бауырын іздеген болса үйге келмей ме? Әкеме "мен сенің қызыңмын", — деп, маған "Бауырым, мен сенің әпкеңмін", — деп адам солай таныспай ма? Отбасын, бауырын іздеген адам солай әрекет етеді", — деді Жанболат Мамай.