Бибігүл Төлегенова атындағы VII халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Төлегенова атындағы VII халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды

Бибігүл Төлегенова атындағы VII халықаралық вокалистер байқауының жеңімпаздары анықталды

Астанада КСРО халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан және КСРО  мемлекеттік сыйлықтарының иегері Бибігүл Төлегенованың 85 жылдық мерейтойына орай өткізілген VII халықаралық вокалистер байқауының қорытындылары жария етілді.

  • 1 Қазан 2014
  • 475
Фото - Caravan.kz

Биылғы байқауға Қазақстанның түрлі аймақтарынан, сонымен қатар Өзбекстан, Украина, Ресей, Башқұртстан, Татарстан, Армения, Литва және Моңғолиядан келген опера өнерінің 50 орындаушысы қатысты.

Әділқазылар алқасының төрайымы, халықтың сүйікті әншісі Бибігүл Ахметқызының сөзіне қарағанда, қатысушылардың арасынан 12 финалисті іріктеп алу қиын болды. Әділқазылар төрт күн бойы тынымсыз тер төгіп, байқау жеңімпазын анықтады.

Сонымен, аталмыш байқаудың гран-при жүлдесінің иегері болып Л.В.Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваторияның түлегі, Саратов қаласының Академиялық опера және балет театрының солисті Светлана Курышева атанды.



Бірінші орынды қазақстандық Дамир Сәдуақасов, армениялық Мане Галоян және моңғолиялық Анхбаяр Энхболд өзара бөлісті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен.

Перейти к новостям спорта