Бидайдың Қазақстандағы бағасы күрт төмендеді
Қазақстан биржасындағы сейсенбі күнгі сауда қорытындысында бидай бағасы күрт төмендеді. «Еуразиялық сауда жүйесі» биржаларының сайтында осындай ақпарат жарияланды. |
Еуразиялық сауда жүйесінің (ЕСЖ) алаңында 3-ші сыныпты бидайдың жеткізілімі алдағы айдағы фьючерсінің орташа бағасы кешегі Т42 500(0,0)/тоннаның орнына, Т29 000(0,0)/тоннаны құрады. ЕСЖ тауар биржасының өкілінің түсіндіруінше бағаның күрт төмендеуі «қазіргі нарықтағы бағаға» байланысты.
ЕСЖ мәліметтеріне сәйкес, 4-ші сыныпты бидайдың жеткізілімі жақын айдағы фьючерстерінің бағасы өзгермей, Т37 500(0,0)/тоннаны құрады.
АҚШ-та ұлттық мерекеге байланысты сауда өткен жоқ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін