Аяғы тайып кеткен бүлдіршін терезе сыртындағы темір торға ілініп қалған. Сыртқа құлап кеткен бала бірнеше минут бойы торға жармасып тұрған. Кейін талып қалып, кішкентай қуысқа басымен ғана ілініп қалған. Баланың сыртқа құлап кеткенін ата-аналары байқамаған. Олар мұны тек біраз уақыттан кейін ғана аңғарып, бүлдіршінді аман-есен шығарып алды.