Биік қабаттан секіріп өлген Павлодар тұрғыны борышкер емес - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биік қабаттан секіріп өлген Павлодар тұрғыны борышкер емес

Биік қабаттан секіріп өлген Павлодар тұрғыны борышкер емес

Отбасын кепілде тұрған пәтерден шығарып жатқанда өзін-өзі тоғыз қабатты үйдің шатырынан төмен тастап жіберген Павлодар тұрғыны Марат Нұркенов «БТА Ипотека» компаниясының борышкері емес, деді компания баспасөз қызметінен.

  • 27 Мамыр 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz



«Қаза болған М. Нұркенов «БТА Ипотке» Ипотекалық мекеме» АҚ борышкері емес. Оқиға орын алған кездегі үйді босатуды сот атқарушылары 2010-шы жылы саудада осы пәтерді сатып алған пәтердің жаңа иелерінің осы үйден Қайрат Нұркеновты (қаза болғанның ағасы) шығарып тастау туралы шағымын орындау жөніндегі сот шешімі негізінде жүргізді», — делінген жұма күні таратылған ақпараттық баянда.

«БТА Ипотека» баспасөз қызметінің айтуынша, 2008-ші жылдың басында Қ. Нұркенов $30 мыңды «жөндеуге» деген мақсатпен алған. Оған кепіл ретінде Павлодардағы пәтер қойылған. Бұл ретте, кейін белгілі болғандай, Қ. Нұркенов өзінің отбасы мен әлеуметтік жағдайы туралы анықтаманы тапсырғанда шындыққа жанаспайтын мәліметтер беріп, оның қамқорлығында отырған туыстарын көрсетпеген. Одан кейін ол несиені алудан жарты жыл өткен соң, кредитті ол жөндеу жұмыстарына деп емес, бизнесті кеңейткісі келіп, кейін шығынға отырып қалған өзінің құдасына деп алғанын айтқан.

Қ. Нұркенов өзінің мойнына алған міндеттерін орындамай, кредитті алысымен оны өтеуді ай сайын созғылап отырған. Кредиттік келісімшартты бұзғандығы себепті компания кепіл мүлікті сотсыз сату процедурасына кірісіп кеткен, деді «БТА Ипотека» баспасөз қызметінен.

Хабарда борышкер бір рет те күрделі материалдық жағдайы туралы шағым түсірмегені және борышын жеңілдету туралы өтініш түсірмегені айтылады. Ал БТА Ипотека Қ. Нұркеновтың қарызын қайта құрылымдауға дайын болған.

2010-шы жылғы наурызда пәтер жаңа иесіне сатылды. Бұл ретте Қ. Нұркеновтың компанияға қарызы Т600 мың емес, $30 мың болған, деп хабарлады баспасөз қызметінен.

«Қ. Нұркенов Павлодар қалалық сотқа шағым түсіріп, сотсыз баспанасын саудаға салып жіберген БТА Ипотека әрекетін заңсыз деп тануды талап етті. Бірақ Павлодар қалалық сот шешімімен оның шағымы қанағаттандырылмай тасталды. Одан соң сот, пәтердің жаңа иесінің пәтерден Қ. Нұркеновты шығарып тастау туралы талабын қанағаттандырды», — делінген ақпараттық баянда.

Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні Павлодардың 39 жасар тұрғыны Марат Нұркенов, оны пәтерден сот атқарушылары шығарып жатқанда,9 қабатты үйдің шатырынан өзін жерге тастап, қаза болды.

Пәтерде М. Нұркеновтың көпбалалы отбасы — 8 баласы, оның ішінде 6-уы кәмелетке толмаған, әйелі мен анасы, осы үйде тұрып жатқан.

Отбасының туыстарының айтуынша, олар БТА Ипотекадан Т3 млн-нан астам қарыз алыпты. Бүгінге оның қарызы Т600 мыңнан астам қалған екен.

Соңғы жаңалықтар