Биіктігі 2 метрден асатын жылан мүсіні сиыр тезегінен жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биіктігі 2 метрден асатын жылан мүсіні сиыр тезегінен жасалды

Биіктігі 2 метрден асатын жылан мүсіні сиыр тезегінен жасалды

Мұздан, саз-балшықтан, құмнан жасалған мүсіндерді естуіміз де, көруіміз де бар.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 713
Фото - Caravan.kz

Алайда, мал тезегінен тұрғызылған туындылардың болатынын кім біліпті?! Қазақтың ауылдарында кейде отын ретінде пайдаланылатын қара малдың қиын якуттар мәдени бағытта да қолданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, табалдырықтан аттаған жылан жылының құрметіне Якутияда сиыр тезегінен жасалған үлкен жылан мүсіні бой көтерді. Туынды авторы Михаил Боппосов есімді қолөнер шебері. Айтуынша, жұмысты соңына дейін жеткізуге 400 келі қи жұмсалған. Ал, оның биіктігі 2 метрді құрап отыр.
Автордың өзі болса журналистермен тілдесуден бас тартыпты. Өйткені, ол өз мүсінін керемет туынды деп есептемейді және көктем шыға тезектің жұмсарып, бұзылатындығын айтуда. Дегенмен, көктемге дейін Якутияның өзге де аймақтарында дәл осыған ұқсас мүсіндер пайда болмақ.
Айта кетейік, Якутия халқы үшін сиыр малының тезегі өте құнды болып есептеледі. Оны қысқы отын ретінде де, үй қабырғасын сылайтын кезде де пайдаланады.