Бұл туралы fishki.net-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жеңімпаздарды марапаттау кезінде медальды әдеттегідей бикинидегі қыз ұстап тұрды. Бұл спорттық іс-шаралар кезінде болатын қалыпты жағдай. Жарыстарда әдемі және жартылай жалаңаш жас қыздар әрқашан елдің назарын аударады. Бірақ бұл жолы барлығының көзі басқа адамға түсті.
Жартылай жалаңаш қыздың денесін көргісі келмеген спортшы өзінің діни көзқарасын бұзғаннан гөрі, бетін бас киіммен жауып алғанды жөн көрген.