Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хпбарлайды.
Tik Tok желісінде өзін исламтанушы, ҚМДБ РАНТ мүшесі, “Һибатулла Тарази” мешітінің имамы деп таныстырған Нұралы Бақытұлы хиджабтың астында шайтан жатанынын айтқан.
”Хиджабтың астында шайтан жатады. Кезінде білген боғын істеген қыздар байға тигісі келіп хиджаб киіп алады. Сондайларға алданып қалып жатқандар да бар. Менің айтатыным, өзің қандай адалсың Құдай да сондай адалын жолықтырады. Сосын орамал тартпайтын да жақсы, намаз оқымаса да иманды қыздар бар. Әке-шешесін көріп, жақсы болатын болса, ол қыз да мұсылман қыз болғаннан кейін насихат айтсаң, намазға келеді. Орамалға алданып қалмау керек. Орамал тағып та аузы көпіріп жүргендер бар. Жар болып, саған баланы туып, үйде отырып, сенің тілеуіңді тілейтін қызды алу керек. Үйлене салып, тойымды Медеудің төбесінде істеуім керек деп тұрса, мәселе сол жерде басталады. Тең теңімен, тезек қабымен. Өмір бойы шаршамау үшін дұрыс қыз іздеп шаршау керек. Орамал таққан салиқалы, тақуа қыздар да көп. Сондайын тапсаң үйлен. Таппасаң, орамал тақпаса да иманды, тәрбиелі, әдепті қызды алсаң да өкінбейсің. Түбінде намазға келеді”, — дейді ол.
Аталмыш видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.
”Бір имам дұрыс нәрсе айтты-ау”, “Орамал тақпайтындардың жаны кіріп жатыр”, “Дінді бұзатын осындай шала молдалар көбейді”, “Әсіредіншілдер тыңдасын осы сөзді”, “Аға, артық сөйлеп қойдыңыз. Алла кешірсін сізді”, — деп жазды олар.