"Білгіштер көбейіп кетті, мынау не сандырақ": Қайтыс болған адамның киімдерін туған балаларына беруге тыйым салған емші елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Білгіштер көбейіп кетті, мынау не сандырақ": Қайтыс болған адамның киімдерін туған балаларына беруге тыйым салған емші елді шулатты

"Білгіштер көбейіп кетті, мынау не сандырақ": Қайтыс болған адамның киімдерін туған балаларына беруге тыйым салған емші елді шулатты

Қайтыс болған адамның киімдерін балаларына беруге болмайды деген емші елдің жаппай сынына ұшырады.

  • 11 Ақпан
  • 328
Instagram/daken_shakenkyzy

Көпшілік қазіргі таңда «білгіштердің көп екенін, бәріне бірдей сене беруге болмайтынын айтуда», деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халық емшісі, көпке Дәкен Шәкенқызы атымен танылған емші қайтыс болған адамдардың киімдері мен заттарын үйде сақтамауға, әсіресе балалары мен бауырларына бермеуге кеңес берді. Халық оған жаппай қарсы шығып, елді адастырмауын сұрап жатыр.

«Қайтыс болған адамның туған балалары, бауырларына алуға болмайды. Өйткені ол кісілерге бітпейтін сұрақ-жауап болады да, ал сізге бітпейтін негатив болады. Мысалы, Пайғамбардың өзі жаңа шапан алса, бұрынғысын сыйға тартады екен, сұрауы қатты болады деп.

Орыстар өлмей тұрып, бірден завещание жазып кетеді, ал біздер, қазақтар өле-өлгенше жабысып, айырылмаймыз. Сосын қайтқан кісінің затын үйде ұстамайды. Мысалы, Атырауда кісі қайтса, күзетін шығарыды да, міне заттары, түгел деп бәрін таратып жібереді.

Алтыны, басқасы болсын, түгел сандығын таратып жібереді. Өйткені адам жоғалып кеткен болсағ иттер адамды иіс бойынша іздемейді, тамақ, шаштың иісі дегендей. Ол бойынша іздемейді, тек энергетика бойынша іздейді.

Адамдардың энергетикасы оның киімінде, оның затында да, бәрінде де сақталады», — деп сөзін түйіндеді емші.