Билік елде жолбарыстардың популяциясын дамытуды қолға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билік елде жолбарыстардың популяциясын дамытуды қолға алды

Билік елде жолбарыстардың популяциясын дамытуды қолға алды

Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін үлкен жетістік. Бірақ бұл бағдарлама қалай жүзеге асады, оны уақыт көрсетеді.

  • 23 Қыркүйек
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Есіңізде болса, Тоқаев пен Путин арасында қызық диалог болған еді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Әшкере телеграм арнасы жазды.

«Жойылып кеткен жолбарыстарды қайдан әкелесіз?» деп сұраған Путинге Тоқаев «Тигр есть тигр, яғни жолбарыс қайда да жолбарыс, ол қайда болса да бірдей» деп жауап қатқан.

Бірнеше жыл өткенде Қазақстанға жолбарыстар келе бастады. Біздің билік елде жолбарыстардың популяциясын дамытпақ.

Бұл жалпы 2010 жылы Санкт-Петербургте өткен форумда жарияланған жоспар. Ол бойынша, Қазақстан аумағында жолбарыстарды жандандыру көзделген.

Ал содан бірнеше жыл өткеннен кейін, еліміздің ғалымдары Ресей және басқа елдерден келген мамандармен бірлесе отырып, жолбарыстарды Балқаш өңіріне қайтару үшін арнайы бағдарлама әзірледі.

Таңдалған аймақ – Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы. Бұл жер кезінде Тұран жолбарыстары мекендеген өңір.

Ғалымдар Балқаш өңірінде 100-ге жуық жолбарыс популяциясын құруға мүмкіндік бар екенін анықтады, бұл экожүйені қалпына келтіруде маңызды қадам.

Ең қызығы, алғашқы екі жолбарыс Нидерландтан жеткізілді. Богдана мен Кума атты амур жолбарыстары арнайы вольерлерде бейімделіп жатыр. Олардың ұрпақтары болашақта жабайы табиғатқа жіберіледі, бұл Қазақстанда жолбарыстардың жойылып кетуінен кейін 70 жылдан соң қайта пайда болуына себеп болмақ.