Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды оқыту физикалық тұрғыдан дамыған, қызығушылығын тудыратын, белсенді, эмоционалды түрде жауап беретін, коммуникациялық құралдарды меңгерген және мектептегі қажетті дағдылар мен дағдыларды меңгерген ересектер мен жастармен қарым-қатынас жасау жолдарын табуға көмектеседі.
Осындай орталықтардың бірі "Болашақ кемеңгер" бөбекжай балабакшасының меңгерушісі Сулейменова Айым Ғалымқызы балабақшаның бала өміріндегі маңызды рөл екендігін Caravan.kz медиа порталының тілшісіне тарқатып айтып берді.
— Айым ханым, өзіңіздің орталық жайлы тоқталсаңыз…
— "Болашақ кемеңгер" бөбекжай балабақшасы 2014 жыл сәуір айында ашылып, биыл 2024 жылы он жылға толып отыр. Бала өміріндегі ең керемет кезеңі – алғаш қоғамға, ортаға келіп, жақсы тәрбиеленуінде, жақсы білімді үйренуінде. Олай болса, баланың еі алғашқы қадамы осы балабақшадан, яғни, мектепке дейінгі ортада қалыптасуы маңызды рөл.
Қазіргі таңда балабақшамызда 90 бала бар. Және де бұл біздің орталыққа сұранысқа өте жоғары. Сұраныстың жоғары болуы, ол біздің орталықтың білікті, жоғары білімді өз істеріннің нағыз мамандары жұмыс атқаруының кепілі. Балаларды білім нәрімен сумсындата отырып, рухани құндылықтарды бала бойына сіңдіру біздің басты мақсатымыз бен ұстанымымыз.
— Мектеп алды даярлыққа сұраныс қаншалықты?
— Әрине, мектеп алды даярлыққа сұраныс өте жоғары. Себебі, бала мектепке бара салысымен қолына қалам алумен шектелмейді. Атап өткенімдей, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп баруы тиіс. Ауыз әдебиетіне басымдықпен танысып, мәдениеттілікті үйреніп барады.
Мектеп алды топтардың міндеті – балалардың мектепке деген танымын, оқуға ынтасын және оған эмоцияналды дайындығын қалыптастыратын бірден-бір жауапкершілікті ұғындыратын орталық.
Мектеп алды тобындағы білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын, (әлеуметтік, психологиялық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім аліға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
Мектепалды тобы балаларының сөздік қорларын дамыту, ойлаған ойын өз еркінше басқа адамға жеткізе алу, еркін сөйлеуге үйрету мақсатында түрлі театр түрлерін (үстел үсті, қуыршақ, рольдік-сюжеттік, конус т.б) үнемі ұйымдастыру үрдіске айналған.
Әдеби шығармаларды эмоцианалды қабылдауына ықпал ету, олардың мазмұнын түсіну, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін бағалауға үйрету негізінде әр айда әжелеріміздің ертегілерін тыңдату жолға қойылған.
Балалардың танымдық зияткерлік дағдыларын дамыту, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, математика негіздері кун сайын ойын турінде жургізіледі. «Ойнайық та – ойлайық» деп балалардың логикалық ойлау қабілеттір жетілдіріледі.
— Балаларды мәдени даму жағында жұмыстарыңыз жайлы тоқталсаңыз
— Бүгінгі уақыт талабы – мәдени деігейі мен шығарашылық қабілетін жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыру.
Сонымен қатар, біз балаларды үнемі театрларға апарып отыратын үрдісіміз де қалыптасқан. Бала ол уақытта түрлі эмоциаларын көрсете алады, шығара біледі.
Театрмен шектелмей, бүлдіршіндерімізді музейлерге де апарып, кішкентай күнінінен балаға ақын-жазулынарымздың музейлеріне де апарып отырамыз. Солардың бірі, 13 мектепке орналасқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев музейіне барған сәтіміз.
— Гипербелсенді балалармен қалай жұмыс жасайсыздар?
— Жалпы балалардың есте сақтау қабілетін, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, көз, қол координацияларын дамыту, зейіндерін тұрақтандыру жұмыстарын жүзеге асырамыз.
Баланың зейінін тұрақтандыру, түстерді ажырату, ұсақ қол маторикасын дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру барысында түрлі әдістер жасаймыз.
Гипербелсенді бала – өте көп қимылдайтын, шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше балалар. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Гипербелсенді бала кез-келген жағдайда, кез-келген жерде (үйде, қонақта, дәрігер бөлмесінде, көшеде болсын) қылықтарын өзгертпейді: жүгіреді, мақсатсыз қимылдар, бір орында ұзақ тұра алмайды, қызықты деген ойыншықтармен алданып, ойнай бермейді. Олардың күштері шамадан тыс көп болады. Біз бақшамызда балаларды күштерін спортқа, үйірмелерге, шығармашылыққа баулимыз.
Сонымен қатар, балаларды заман талабына сай – уақытпен қимылдауға, яғни, уақыттың маңыздылығы мен уақытты тиімді, ұтымды пайдалануға негіз қалыптастырамыз. Бала ерте жасынан уақыттың қадірін сіңіріп өседі.
Балаға не берсек соны қабылдайды, бойына тез сіңіреді. Мынадай дана сөз бар: «Бала – отбасының айнасы». Сол секілді әр бала біздің қандай екенімізді, қандай ортадан келгенін көрсетеді. Таңнертең келіп, тамағын ішіп, ұйықтап, үйіне қайту емес. Мақсатымыз – бала біздің көрсеткішіміз екенін ұғыну мен ұғындыру.