Білім министрі имамдарға қытай тілін үйренуді міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі имамдарға қытай тілін үйренуді міндеттеді

Білім министрі имамдарға қытай тілін үйренуді міндеттеді

Түркияның білім белу министрлігі имам хатыбтарды дайындайтын медреселер мен кешкі діни мектептерде қытай тілі курсын енгізу туралы кенеттен шешім қабылдады.

  • 7 Тамыз 2019
  • 5937
Фото - Caravan.kz


Осы уақытқа дейін аталған елдегі діни білім беретін оқу орындарында, семинарияларда шет тілдерден ағылшын, араб, испан, орыс және неміс тілдері курсы өтіп келген болатын. Қытай тілін оқыту алдымен Стамбұл шаһарындағы Күшікшекмеже ауданында орын тепкен имам-хатыбтар дайындайтын мектепте қолға алынады. Дәлірегі, осы жылдың қыркүйек айынан бастап, аталмыш діни білім ордасында болашақ имамдар қытай тілін Конфуция институтының жәрдемімен үйренетін болады. Түркияның білім беру министрлігі имам-хатыб мектебінің студенттері кем дегенде 900 сөзден тұратын қытай тілі сөздігімен жарақтандырылады. Бұл жайында түріктердің Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, діни семинарияларда қытай мәдениетін дәріптейтін, насихаттайтын қытай мәдениеті күндері өтіп тұрады. Түркия билігі діни семинарияларда қытай тілін қандай мақсатта енгізіп жатқанын ашып айтпады. 

Соңғы жаңалықтар