Білім министрі ИСЕСКО бас директоры Абдель-Азиз Бен Осман Аль-Туейджримен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі ИСЕСКО бас директоры Абдель-Азиз Бен Осман Аль-Туейджримен кездесті

Білім министрі ИСЕСКО бас директоры Абдель-Азиз Бен Осман Аль-Туейджримен кездесті

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов сәрсенбі, 29 маусым күні Ислам Ұйымының Білім,

  • 30 Маусым 2011
  • 445
Фото - Caravan.kz

ғылым және мәдениет мәселелері бойынша (ИСЕСКО) бас директоры Абдель-Азиз Бен Осман Аль-Туейджримен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Қазақстандық ведомствоның басшысы Бас директорды 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен «Ғылым туралы» Заңда атап өтілген Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудағы басты басымдылықтармен, елдегі жоғары оқу орындарының жаңа классификациясымен таныстырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен елдің қоғам мен индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарына, сондай-ақ әлемдік білім беру кеңістігінде білім берудің қазақстандық жүйесін ықпалдастыру міндеттеріне сәйкес білім мен ғылым саласы кеңінен жаңартылғаны атап өтілді.

ИСЕСКО бас хатшысы Қазақстанға өзінің жеке терең масаттануы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың әрекеті арқасында исламдық әлем өзінің жаңа даму кезеңіне кіргеніне сенімін білдірді.

Сонымен бірге Абдель-Азиз Бен Осман Аль-Туейджри адам қорларын дамыту саласындағы ынтымақтастық, ғылыми зерттеулерді өткізу, біріккен мәдени бағдарламаларды іске асыру, діниаралық диалогтың орнығуы бойынша қызметтің кеңейуі ИСЕСКО исламдық елдер мен халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастардың перспективалы міндеті болып табылатынын атап өтті.

Кездесуде тараптар білім және ғылым саласындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Мұсылмандық білім беру бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар