Білім министрі пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытатын жаңа мектепті ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытатын жаңа мектепті ашты

Білім министрі пәндерді қазақ және ағылшын тілдерінде оқытатын жаңа мектепті ашты

Бүгін Астанада дарынды балаларға арналған №81 жаңа «Astana English School» мектебі ашылды.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

1200 балаға арналған мектеп оқушыларды арнайы іріктеу арқылы ғана қабылдап жатыр. Қазақ және кейбір пәндерді ағылшын тілінде үйрететін мектептің ашылуына Білім және ғылым министрі Асылжан Сәрінжіпов те қатысты. 

«Бүгін біз жаңа оқу жылын жаңа мектепте бастап отырмыз. Біз үшін үлкен мереке, үлкен қуаныш. Сондықтан, шын жүректен баршаңызды құттықтаймын! Жалпы, жыл сайын Қазақстанда 150-ден астам жаңа мектеп ашылып отырады. Дегенмен, бүгін алғашқы оқушыларын қабылдаған бұл мектептің деңгейі мен дәрежесі жоғары болмақ. Себебі, мектеп кейбір пәндерін ағылшын тілінде үйретеді. Бұл — қазіргі заманның талабы»,-дейді өз құттықтауында А.Сәрінжіпов.

Сонымен қатар, бүгін барша мектептерде алғашқы сабақ туған жер туралы болатынын айта келе, министр 1-сынып оқушыларына Мемлекет басшысының сыйлығы — «Менің Отаным — Қазақстан!» атты кітапты табыс етті. 
«Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша мектептердегі алғашқы сабақ «Менің Отаным — Қазақстан» деген пәннен басталады. Өйткені, ең басты құндылығымыз — тұрақтылық пен келісім. Мемлекет басшысы биыл 1-сыныпқа баратын бүлдіршіндерге ерекше сый жасады. Биыл Қазақстан бойынша 330 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барды»,-деп атап өтті А.Сәрінжіпов.

2
 3 4 5 6 7 8 910 12 13 15 16 17 18

Соңғы жаңалықтар