Білім министрі семейлік полицейлердің болжамымен мүлдем келіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі семейлік полицейлердің болжамымен  мүлдем   келіспейді

Білім министрі семейлік полицейлердің болжамымен мүлдем келіспейді

Еліміздің бас ұстазы семейлік полицейлердің болжамымен түбегейлі келіспейтінін айтады. Шығыс Қазақстанда өткен аптада орын алған суицидтің ұлттық бірыңғай тестілеуге мүлдем қатысы жоқ, - деп мәлімдеді бүгін министр. Қалай дегенмен істің ақ-қарасын тергеу нәтижесі анықтамақ. Ал білім саласының өкілдері қазірдің өзінде республика бойынша өткен емтиханның алдын ала қорытындысын шығарды. Жалпы көрсеткіштер нашар емес. Тек Жаңақорғандағы талапкерлер сыннан екінші рет өткенде ұпайды әлдеқайда аз жинапты.

  • 14 Маусым 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

Биыл түлектер үшін аса жауапты сында өз мәресіне жетті. Алғашқы қорытындысы емтиханның ойдағыдай өткенін байқатады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 125 мыңнан астам жас қатысты, бұл өткен жылға қарағанда біршама көп. Олардың 25 пайызы 100-ден артық ұпай жинады.

Алайда кейбіреулер үшін білім сыны сәтсіз аяқталды. «Алтын белгіге»үмікерлердің ішінен тек жартысынан сәл астамы ғана білімдерін дәлелдей алды. Кейбіреулеріне бір-ақ ұпай жетпей қалған. Грант алғысы келген семейлік бойжеткен өзіне жеңілісті кешірмеді. Әдия Сағанаеваның мүрдесі өзеннен табылды. Полицейлер бұны суицид деп тауып, себебін емтиханмен байланыстырды. Бірақ, білім министрі өзге пікірде.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Бұл мәселені терең қарауымыз керек. ҰБТ-де болған, болмаған жағдай болсын, бәрін осы бірыңғай ұлттық тестілеуге әкеп тірегісі келеді. Ол дұрыс емес. Семейде болған жағдай белгісіз,әлі. Оны да тексеріп жатыр.

Қалай дегенмен қазірден бастап Үкімет балаларды қорғауға ерекше назар аудармақ. Бұл бастаманы көтерген депутаттар, бірінші кезекте ғаламтор жүйесін бақылау керектігін алға тартуда.


Гүлжан Қарағұсова
, ҚР Мәжілісінің депутаты:

— Өте үлкен мәселе – ол интернеттегі әлеуметтік желілер. Онда көп  жаман пікірлер, бағдарламалар бар. Кішкентай бала сол ықпал етеді.

Ал Жаңақорғандағы тест тапсыру науқаны абырой болғанда қиындықсыз өтті. 500-ден астам талапкердің емтиханды екінші рет тапсырды. Басым бөлігі қанағаттанарлық деген баға алды.

Бақытжан Жұмағұлов, ҚР Білім және ғылым министрі:

— Қайтадан тасырғаннан кейін орташа ұпайлары 80 болды. Ал алдында тапсырғандары 107 ұпай болған. Міне,көрсеткіш деген осыдан шығады.

Бір айтары, апелляциялық комиссиялар әзірге жұмыстарын жалғастыруда. Сондықтан бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы әлі өзгеруі мүмкін. Бірақ,қазіргі көрсеткішке де ұстаздар риза. Кезекті емтихан қазақстандық мектептерде білім беру сапасының жақсарып келе жатқанын көрсетті. Республика бойынша орташа ұпай биыл 86,8-ді құрады. 

Соңғы жаңалықтар