Білім министрлігі ата-аналардан ақша жинауды дереу тоқтатуды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі ата-аналардан ақша жинауды дереу тоқтатуды талап етті

Білім министрлігі ата-аналардан ақша жинауды дереу тоқтатуды талап етті

Білім министрлігі ата-аналардан ақша жинауды доғармай отырған мектептерге қарсы ауқымды күрес жариялады. Енді оқушылардан жылу жинаған ұстаздар жұмыстан қуылмақ. Ал шенеуніктер ақша дәметкен мұғалімдер жайында дереу хабар беруді сұрап отыр.

  • 24 Қыркүйек 2014
  • 287
Фото - Caravan.kz


Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Арнайы ақша жинау деген біздің заңымызда, ережелерде жоқ нәрсе. Олай болуға тиіс емес. Білім саласында бақылау комитеті бар, оның жергілікті жерде департаменттері бар. Осындай сұрақтар болып жатса, бұл ұйымдар тексеріс жүргізеді.

Бірақ, мектептерде «жылу жинау» тоқтатылды деуге келмейді. Ата-аналар білім ордаларының керек-жарағын өз қалталарынан төлеп алып беріп отыр.
Ал мектеп басшылары, ақшаны ата-аналар өз еркімен жинаған деп ақталуды әдетке айналдырған. Осы кезде мектептің жөндеуіне қаржы бюджеттен де бөлініп жатыр. Іске білек сыбана кіріскен Білім министрлігі ақша жинауды түбегейлі тоқтатпақ ойда.