Білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк 21 млн. доллардың келісіміне қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк 21 млн. доллардың келісіміне қол қойды

Білім министрлігі мен Дүниежүзілік банк 21 млн. доллардың келісіміне қол қойды

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк арасында Қазақстандағы жастардың дамуын қолдау жөніндегі гранттық келісімге қол қойылды.

  • 10 Қыркүйек 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

Құжатты еліміздің Білім министрі Аслан Сәрінжіпов пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Сародж Кумар Джа рәсімдеді.

«Бүгін біз 21 млн. доллардың келісіміне қол қоямыз. Бұл қазіргі уақытта шамамен 5 млрд. теңгені құрайды. Аталған грант жастарды қолдауға, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге, жастардың  әлеуметтік осал топтарының әлеуметтік жобаларына көмек береді деп ойлаймыз. Біз шамамен 8 мың жас осы бағдарламаға тартылады деп ойлаймыз. Олар өздерінің жастар ұйымдары аясында әлеуметтік маңызы бар жобалармен айналысатын болады. Сондай-ақ шамамен 100-ге жуық жастар ұйымы осы жобаға тартылады», — деді А.Сәрінжіпов.

Өз кезегінде Дүниежүзілік банк өкілі қазіргі уақытта министрлікпен бірқатар жобада бірлесе жұмыс істеп жатқандықтарын әрі олардың көпшілігі инновациялық жобалар екендігін атап өтті.

«Әлемдік тәжірибе жастардың позитивті дамуына негізделген кешенді тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр. Жастар корпусын дамыту жобасы қоғамдық өмірге жастарды тарту және қоғамдық пайдасы бар қызмет үшін оқу бағдарламаларын іске асыру арқылы өмірлік дағдыларын дамыту болмақ», — деді Сародж Кумар Джа. 


подписание подписание подписание подписание подписание

Соңғы жаңалықтар