Білім министрлігі Украинаның арызынан кейін кітаптағы саяси қатені түзеуге пәрмен берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі Украинаның арызынан кейін кітаптағы саяси қатені түзеуге пәрмен берді

Білім министрлігі Украинаның арызынан кейін кітаптағы саяси қатені түзеуге пәрмен берді

Білім министрлігі халықаралық дау тудырған оқулықтарды түгел қайтарып алуы мүмкін. Комиссия тексеруден кейін «Мектеп» баспасына 10-шы, 11-ші сыныптың географиясы мен тарихында кеткен саяси қатені шұғыл түзету туралы шешім шығарды.

  • 1 Қазан 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz

Даулы кітапта Украинаның аннексияланған Қырым аймағын Ресейдің бір бөлігі деп жазылған болатын. Мұны естіген ресми Киев наразылық нотасын жалдаған еді. Осыдан кейін Білім министрлігі тексеру жүргізген. Ғалымдар мен депутаттардан құралған комиссия «Мектеп» баспасына оқулықта кеткен қатені шұғыл түзету туралы шешім қабылдады. Және сапасыз сараптама жасағаны үшін «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының басшыларына қатаң сөгіс жарияланыпты. Ал, оқушыларға таралып кеткен кітапты «Мектеп» баспасының қалай түзейтіні әзірге белгісіз. Оған баспаның өзі бас ауыртуы тиіс дейді министрліктегілер. Ресей Қырым аймағын былтыр наурызда референдум арқылы деген желеумен Украинадан тартып алған болатын. Мұны Мәскеудің кейбір одақтастарынан басқа елдер мойындаған емес.

Соңғы жаңалықтар