Білім министрлігінің қаржылық орталығы 100 процент үкіметтің қатысуымен Акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігінің қаржылық орталығы 100 процент үкіметтің қатысуымен Акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады

Білім министрлігінің қаржылық орталығы 100 процент үкіметтің қатысуымен Акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады

Білім министрлігінің қаржылық орталығы 100 процент үкіметтің қатысуымен Акционерлік қоғам ретінде қайта құрылады. Бұл туралы бүгін, 14-наурызда ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова "Елбасының халыққа арнаған жолдауы аясында Қазақстан Республикасының 2006-2008-жылғы экономикалық даму және бюджетті жоспарлау перспективасы" тақырыбына арналған үкіметтік сағат барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2005
  • 455
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, «орталық екінші деңгейлі банктер бөлетін білім беру несиелерінің 50-80 процентіне кепілдік береді». Білім министрлігінің есебі бойынша бұл 21,5 мың болашақ студентке екінші деңгейлі банктерден білім несиесін алуға мүмкіндік береді. «Бюджетте қаржылық орталықтың капитал қорын ұлғайту мақсатына 2 млрд. теңге қарастырылды. Оның 600 млн. теңгесі биыл бөлінеді»,- деді министр.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл білім беру несиелерінің саны 50 процентке артатынын еске салды. «Егер қазіргі жағдаймен 20 мың білім гранты таратылып келсе, енді ол сан 30 мыңнан асады»,- деді Қ.Келімбетов. Министрдің айтуынша, бірінші кезекте техникалық мамандықтар бойынша гранттар саны артады. Сондай-ақ ол «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде оқитын студенттер саны 500-ден 3 мыңға дейін жететінін айта кетті.

Перейти к новостям спорта