Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алаңдатып отырған мәселелерді атады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алаңдатып отырған мәселелерді атады

Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алаңдатып отырған мәселелерді атады

«Алаңдаушылық туғызатын бірқатар мәселелер де бар.

  • 20 Қараша 2012
  • 713
Фото - Caravan.kz

Бірінші, жұмыссыз жастар құрамының өзгеруі. Жұмыссыздық деңгейі жалпы азайып келе жатқанымен, олардың арасында жоғары және кәсіптік-техникалық білімі бар жастар көп. Екінші, өз бетімен жұмыс істейтіндердің саны азаймай отыр. Ол 2 млн-нан астам адамды құрайды. Үшінші, техникалық және жоғары оқу орнын бітірушілердің едәуір пайызы жұмысқа орналаса алмауда»,-деді министр.

Оның сөзінше, білім жүйесі оларды бірнеше ай қадағалап отырады. Кейін олар назардан тыс қалады.
«Мұндай жағдайларға жол бермеу керек. Сондықтан, жастарды жұмысқа орналасуға қолдау көрсетудің жаңа кешенді жүйесін құру қажет. Бұл жүйеге Еңбек министрлігі, Білім және ғылым министрлігі және басқа министрліктер мен жергілікті атқарушы органдар толығымен қатысуы тиіс»,-деп атап өтті ведомство басшысы.
Б. Жұмағұловтың пайымдауынша, жаңа жүйе жастарды жұмысқа орналастыруға нақты және толық мониторингті жүзеге асырады. Ең бастысы, жұмысқа орналасуға нақты көмек көрсетеді.
Бұл арада, жергілікті атқарушы органдардың, ірі кәсіпорындардың рөлі өте маңызды. Әсіресе, индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасы мен бизнес жол картасына қатысушылардың орны айрықша.

«Мұндай жүйені енгізу, Елбасы «Жас Отанның» ІІ съезінде айтып өткен Арнайы бағдарламасының маңызды позициясына айналуы тиіс. Сонымен қатар, бұл жүйе Мемлекет басшысының жастар саясаты бойынша тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енуі қажет. Осындай жоспарды әзірлеуге барлық орталық және жергілікті басқару органдары қатысуы тиіс деп ойлаймын»,-деп түйді ол.

Айта кетейік, елімізде 2001 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 есеге азайып, 3,8 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткіш Еуропа мен ТМД елдерінде шамамен 18 пайыздан, ал кейбір елдерде 40 пайыздан асады екен.

2001 жылмен салыстырғанда жастардың жұмыссыздық деңгейі 4 есеге азайып, 3,8 пайызды құрап отыр.

Министр жастарды жұмыспен қамту мәселесіне тоқтала келе, бұл көрсеткіш Еуропа мен ТМД елдерінде шамамен 18 пайыздан, ал кейбір елдерде 40 пайыздан асатынын жеткізді.

«Біздің елімізде жастарды жұмыспен қамту мәселесі «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы және басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар арқылы іске асады. Атап айтқанда, «Жасыл ел» жобасы. Оған 7 жылдың ішінде 160 мыңнан астам студент және жұмыссыз жастар тартылды»,-деді Б. Жұмағұлов.

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша жұмысқа орналасқан педагогтердің саны 1,8 есеге, дәрігерлердің саны 2,7 есеге артқан. Ал «Жастар саясаты» жобасының арқасында соңғы 3 жыл ішінде 50 мыңнан астам бітіруші тұрақты жұмысқа орналасты»,-дейді министр.

Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жұмыстары күшейтілмек.

Тәрбие жұмысын күшейту мәселесіне тоқталған министр, бұл бағытта Оқыту үдерісінің тәрбиелік компонентін күшейту бойынша үлгілік кешенді жоспар қабылданғанын, ол 2013 жылдан бастап іске асырылатынын атады.

Сонымен қатар ведомство басшысы Үкімет Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдағанын еске салды.

«Біз жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алуға барынша назар аударамыз. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары үшін Дін істері агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қатысуымен тұрақты кеңестер өткіземіз. Аталған жұмыстар бұдан әрі күшейтілетін болады»,-деді Б. Жұмағұлов.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде жастар ұйымдарының саны өсуде. Олардың құрылымы мен шоғырлануы өзекті болып отыр. Бұл үдерісте «Жас Отан», 10 ірі республикалық жастар ұйымы және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы маңызды орын алады. «Жастар ұйымдарын шоғырландыру — жаңадан құрылған Жастар ісі комитетінің басты міндеттерінің бірі»,-деп түйді министр.

Мемлекеттік білім беру гранттарының саны азаймайды.

Оның айтуынша, қоғамда мемлекеттік білім беру жинақ жүйесінің қалыптасуымен мемлекеттік білім беру гранттарының саны төмендейді деген теріс пікір пайда болуда.

Министр осы орайда мемлекеттік білім беру жинақ жүйесі Қазақстанда білім алуға қолжетімділікті арттыруға негізделген қосымша тетік болып табылатынын атап өтті.Соңғы 10 жылда жоғары білімді қазақстандықтардықтардың саны 3 еседен астам өсті.

«Соңғы 10 жылда арнаулы орта білім бар қазақстандықтардың саны 40 пайызға, жоғары білімі барлар 3 еседен артық өсті. Саны жағынан, бұл әлемдік үрдіске сай келеді. Жоғары білім бойынша бұл көрсеткіш тіпті асып түседі», — деп атап өтті министр. Оның пайымдауынша, қазіргі уақытта ең басты мәселе — білімнің сапасы, және оған деген сұраныстың болуы. «Елбасының осы тапсырмаларын орындау үшін кәсіптік білім жүйесі жұмыс берушілер мен еңбек нарығы талаптарына сай келуі қажет. Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде соңғы 2-3 жыл ішінде осы бағыт бойынша жақсы нәтижеелерге қол жеткізілді. Оған бөлінген қаржы 3 есеге өсті», — деп түйді Б. Жұмағұлов.


Мамандар даярлау нарық сұранысына бағытталып жатыр. Ендігі міндет — жоғары білім жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру.

«Бұрын көптеген жылдар бойы гуманитарлық мамандықтар басым болып келген. Ал қазір кадрлық даярлау жүйесі нарықтағы нақты сұранысқа сай болып келе жатыр. Жұмыс берушілер техникалық және кәсіптік білім жүйесінде белсенді жұмыс жүргізуде», — деп тоқталды министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, олар кадрлар даярлауды басқарудың жоғары органдары — Ұлттық кеңестің, салалық және аймақтық кеңестердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар ол Елбасының тапсырмасы бойынша оқытудың дуальді жүйесі кең көлемде енгізіліп жатқандығын еске салып өтті. «Ендігі міндет — жоғары білім жүйесін еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру. Қазіргі уақытта оның жеке меншік сегменті көбінесе халықтың сұранысына байланысты болып жатыр. Нәтижесінде көптеген бітірушілер жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болуда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандар даярлау нарық сұранысына бағытталып жатыр. Енді мемлекеттік , жеке меншік сегменттерде белсенді шараларды жүзеге асырамыз», — деп түйіндеді Б. Жұмағұлов.

Білім және ғылым министрлігі таарпынан қабылданған ережеге сәйкес, жаңадан шығарылатын оқулықтар әрбір төрт жылға ғана жарамды болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің білім саласын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Жаңа ережеге сәйкес, оқулықтар баспадан шығаруға тек ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін ғана жолданады. Бұл ретте балама оқулықтар пайдаланылады. Мемлекет сонымен қатар, бұдан былай оқулықтар әзірлеу мен оларды басып шығару ісіне араласпайтын болады (мемлекеттік тапсырысты қоспағанда). Яғни, оқулықтар жекеменшік баспалардан шығарылады. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі мақұлдап, оқу процесіне пайдалануға ұсынылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесі тек 4 оқу жылына жарамды болады», — дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жаңа ережеге сәйкес, авторлар тобы 4 жылда бір рет оқулықтарға өзгерістер енгізіп отырады. Бұған дейін осы мәселе жүйелендірілмеген еді. «Екіншіден, барлық даярлау жұмыстары жекеменшік ұйымдарға беріліп, мемлекет бұған қаржы шығындамайды. Мемлекет тек қана оқулық сапасын қадағалап, оларға енгізілетін өзгерістерді жариялап отырады. Мәселен, биыл 2-9 сыныптар болса, келесі жылы 3-10 сыныптар оқулықтарына өзгерістер енгізіледі деген секілді. Бұл 4 жылдық кезеңде жекеменшік баспалар өздерінің жобаларын даярлайды. Кейіннен қаңтар мен шілде айлары арасында оқулықтар мемлекеттік сараптамаға алынады. Сараптама 60 күндік мерзім ішінде өз қорытындысын шығарып береді», — дейді М. Әбенов.

Соңғы жаңалықтар