Білім және ғылым министрі Өскемендегі машина жасау саласына мамандар даярлайтын аймақаралық орталықтың құрылысымен танысты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрі Өскемендегі машина жасау саласына мамандар даярлайтын аймақаралық орталықтың құрылысымен танысты

Білім және ғылым министрі Өскемендегі машина жасау саласына мамандар даярлайтын аймақаралық орталықтың құрылысымен танысты

Бүгін Өскемендегі машина жасау саласына маман даярлайтын орталықтың құрылыс алаңында болған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмғаұлов

  • 9 Шiлде 2011
  • 537
Фото - Caravan.kz

құрылыс жұмыстары біраз кешігіп жүріп жатқан «Машина жасау саласында техникалық және қызмет көрсету жұмыстарын жүргізетін кадрлар даярлау және қайта даярлау жөніндегі аймақаралық орталықтың» құрылыс барысы туралы апта сайын есеп беруді тапсырды.

700 адамға арналған Өскемендегі Орталықтың жобасы 2011 жыл мен 2013 жылдар аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған. Жұмыстың жалпы құны — 3 млн. 286 мың теңге. Жоба бойынша жұмыстардың әзірге 10 пайызы орындалған.

«Бүгін мен жоба іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқандығын көруге келдім. Біз кешегінің орталығын емес, болашақтың орталығын салуға тиіспіз. Болашақтың орталығына қажетті құрылғылар да ең озық болуы тиіс. Бұл жерде алдыңғы қатарлы ұстаздар сабақ оқытуы керек. Мен жобаның жүзеге асырылу үрдісіне қарқын беру үшін және еліміздің тек шығысындағы ғана емес, барлық өңіріндегі машина жасау кешендері осы жерге оқуға келген жақсы мамандармен қамтамасыз етілуі үшін келдім», — деп атап өтті Білім және ғылым министрі.

Соңғы жаңалықтар