Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап бірыңғай ұлттық тестілеу пәндерінің санын көбейтпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап  бірыңғай ұлттық тестілеу пәндерінің санын көбейтпекші

Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап бірыңғай ұлттық тестілеу пәндерінің санын көбейтпекші

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Білім және ғылым министрлігі келесі жылдан бастап бірыңғай ұлттық тестілеу сынағына қамтылған пәндердің санын көбейтпекші. Бұл туралы бүгін Астанада өткен бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындыққа арналған кеңесте ҚР білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестациялау комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасылов хабарлады.

  • 18 Мамыр 2006
  • 408
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, келесі жылдан бастап пәндердің саны 6-ға жетеді. Үш пән міндетті, үш пән – оқушының таңдауына сәйкес іріктеледі. “Бұл талапкерлердің жоғары оқу орындарына қазіргіден біршама көп мамандықтар бойынша бақ сынап көру мүмкіндігін арттырады”,- деді ол.

Оның айтуынша, сонымен бірге, пәндер санын көбейтуге қазіргі оқушылардың бірыңғай ұлттық тестілеу сынағына дайындық барысында тестілеуге қамтылатын 4 пәнге ғана баса назар аударатыны да себеп болған.

Перейти к новостям спорта