Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
“Біз қыздардың мойнына жүкті көп артамыз. Мен әйел бола тұра өзім қанша жақсылықты да, қиындықтарды көрсем де қыздардың мойнына жүкті көп артамын. Ер адамдар, сіздер мықты болуларыңыз керек. “Байтал шауып, бәйге алмас” деген сөз бар қазақта. “Ер азаматыңның бойы бір қарсы төмен болса, сен бір бас төмен тұр” дейді қазақ. Сондықтан осыншама бойына білім жинаған қыз барады да ақырында бір жігітке ғашық болады. Сол жігіттің не білімі жоқ, не қолынан ісі жоқ. Таңертеңнен кешке дейін инстаграмды қарап жатады. Ол қыз одан кішірейсе, ол қандай отбасы болады?! Ол жігіттен бір бас кішірейсе, ол қандай отбасы болады? Сонша білімді жинап, сандыққа салып, кілттеп, кілтін лақтырып жіберуге тура келеді. Ол топас болу керек болады. Сондықтан ер адамнан төмен түсу өте қиын. Әсіресе, ақылы тайыз адамнан түсу қиын. Көкірегін керген білімі бар, өресі бар текті жерден шыққан қыз осыншама төмен түсу өте қиын. Сондықтан, “жігіттер, жиналыңдар” дегім келеді. Екі қолды, екі аяқты Құдай бергеннен кейін инстаграммен, тілмен, түрмен емес он саусақпен темірді өргендей қылып жұмыс жасаңдар дегім келеді. Егер 18 жасымды маған қайтып берсе, мен шеге қағатын жігітке, шеге қағып білетін жігітке тұрмысқа шығатын едім”, — деді Тамара Асар.