Бильярд чемпионатында ел намысын 47 спортшы қорғап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бильярд чемпионатында ел намысын 47 спортшы қорғап жатыр

Бильярд чемпионатында ел намысын 47 спортшы қорғап жатыр

Алматыда бильярдтың  еркін пирамида түрінен 10-шы Ашық Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Бірнеше жылдан бері өткізуді Қазақстан бильярд федерациясы өз қолына алған құрлықтық додаға биыл 86 қатысушы келді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

11 елдің ішінде жарыс жолына ең көп бильярдшы шығарған турнир иелері болып шықты, ел намысын 47 спортшы қорғауда. Әр жылдары Қаныбек Сағындықов, Әлихан Қаранеев сияқты жерлестеріміз  осы жарыста жеңімпаз атанған. Мамандардың айтуынша, биыл да шамамыз жаман емес. Турнир екі кезеңнен тұрады, бастапқыда 16 үздік іріктеліп шықса, кейін тас таяқ шеберлері олимпиадалық жүйе бойынша жеңімпазды анықтайды. Бұл күндері Алматыға әлем, Азия және Еуропа чемпиондары ат басын бұрды. Олардың ішінде Евгений Сталев, Александр Паламарь да бар. Ал Қазақстанның атынан халықаралық аренада талай рет топ жарған Әуез Елубаев, Ернар Шымбаев та өнер көрсетеді.

Юрий Чарванев, бас төреші:

Бұл турнир алдағы әлем чемпионатына іріктеу сынның бір кезеңі болып саналады. Әр елге бөлінетін 8 жолдамадан бөлек, осы жарыста үздік шыққан сезгіздік те дүниежүзілік додаға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Ал биылғы әлем чемпионаты қазан айында Киевте өтеді.       

Алдағы уақытта велододаларда Қазақстан құрамасының сапында италиялық  велошабандоз Алессандро Петаккиді көріп қалуымыз  мүмкін. Ол өз еліндегі антидопинг ережелерінің күшеюіне қарсылығын білдіріп, енді Қазақстан намысын қорғауды көздеп отыр.

Қыркүйекте Данияның Копенгагенінде өтетін әлем чемпионатында белгілі спортшы отандастарымыздың қатарында өнер көрсетуі ықтимал.  Италиялық басылымға берген сұхбатында ол: “Келер біріншілікте мен Италия құрамасына қарсы жарысқа шығуым мүмкін. Федерация әр спортшыны әр түрлі жазалайды, бұл маған мүлдем ұнамайды”  — деді. Петакки 2007 жылы қанынан допинг табылғаны үшін спорттан аластатылған. Ал   италиялықтар бір рет болса даосылайша көзге түскен велошабандоздарды ұлттық құрамаға қоспайтындығын мәлімдеді.  


Бүгін түнде Қарағандының “Шахтері” мен Павлодардың “Ертісі” Еуропа
лигасы аясындағы алғашқы матчтарын өткізеді.

Польшадағы «Ягеллония» — «Ертіс» ойыны Астана уақытымен 00:30-да, ал Словениядағы «Копер» — «Шахтёр» кездесуі 00:45-те басталады.

“Манчестер Юнайтед” тағы бір жаңа ойыншымен күшейді. Бұл жолы манкуниандықтардың сапына қосылған 20жасар қақпашы Давид де Хеа болды.

Мадридтің “Атлетикосынан” ауысқан ойыншы медициналық тексеруден өтті. Оның келісімшарты  бес жылға құрылған. “Манчестер Юнайтед” сияқты клубтың бір бөлігі болу мен үшін үлкен мақтаныш” деп ағынан жарылды ол. 40  жастағы Эдвин ван дер Сардың орнын басатын де Хеа өткен аптада Испания жастар құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған болатын. 

Соңғы жаңалықтар