"Бір адам 33 миллион салған": Алтынға инвестор боламын деген 500-ден аса қазақстандықтар алданып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір адам 33 миллион салған": Алтынға инвестор боламын деген 500-ден аса қазақстандықтар алданып қалған

"Бір адам 33 миллион салған": Алтынға инвестор боламын деген 500-ден аса қазақстандықтар алданып қалған

Заңгер Нұрсұлтан Орынбеков алтынға инвестор боламын деп алданып қалған 500-ден аса қазақстандықтар туралы айтты.

  • 24 Сәуiр
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Алаяққа алданатын адамдардың обалы жоқ деп айтқым келеді. Тағы біреуі шықты. Аяла голд деген. Ең азы 500 мың, ең көбі 33 миллион салған. Бір топта 500-ден аса адам отырмыз дейді. «Не жұмыс? қалай» десем «1 наурызға дейін ақшаларыңызды қойып беремін» деп қолхат жазып берген. Танымайды, білмейді, оның кім екенін ешкім білмейді. Топта сурет жіберіп жатыр «Түркияда оптом алтын алып, оптовиктерге өткіземіз» деген. Соған видеоларын жіберген, келіскен. 1 қолхатқа бола ақшаны аузына толтырып берген. Енді не істейміз? Айналысамыз. Полициямен арыз жазылады, ұсталады. Барлығына бірдей 500 мың, 33 миллион теңгені қайтарады дегенге мен сенбеймін. «Басында берді ғой» дейді. Басында бәріне береді. Маған 3-4 адам жазды. «Обалдарыңыз жоқ» деп жаздым. Айналаңның бәрі алаяқ. Айтып та жатырмыз, қойып та жатырмыз», — деді заңгер.