Бір адам қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін сақтап қала алады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір адам қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін сақтап қала алады

Бір адам қан тапсыру арқылы үш адамның өмірін сақтап қала алады

2023 жылы Алматыда 20 мыңнан аса адам донор болған.

  • 5 Желтоқсан 2024
  • 9
Фото: pixabay.com

Бір адам қан тапсырған кезде оның донорлық қаны үш бөлікке бөлінеді. Бұл үш компонет басқа пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қан тапсырудың бірінші жағымды әсері — организмдегі қан жасушаларының жаңаруы. Ал, қан қысымы жоғары адамдар бұл қызметке жүгінетін болса, қысымның түсуіне оң әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, жүрек, қан айналымының жұмысы жақсарып, созылмалы аурулар бәсеңдейді. Ал, ең басты артықшылық — бұл адам өміріне араша түсу. Иә, дәрігерлер 400 мл қанды бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға пайдаланады екен.

Эритроциттер — операция кезінде немесе қан жоғалтқан науқастарға қолданылады.

Тромбоциттер — онкологиялық аурулармен немесе қан ұю мәселелері бар науқастар үшін қажет.

Плазма — күйік шалған немесе қан ұю факторлары жетіспейтін адамдарға беріледі.

Осылайша, бір адамның қаны үш түрлі науқастың өмірін сақтап қалуға көмектеседі.

Қуантатыны қазіргі таңда екі ай сайын тұрақты түрде қан тапсыратын ерікті донорладың саны көп. Статистика бойынша, Алматыдағы қан орталығы жылына орта есеппен 22 мың донорға дейін қабылдайды екен. Алайда бұл 2 млн халқы бар мегаполис үшін бәрібір аздық етеді. Жыл сайын қанға деген сұраныс артуда. Яғни, емханалар қанға әрдайым мұқтаж. Бұл қан қоры онкология, балалар хирургиясы, акушерлік мекемелер және басқа да медициналық ұйымдарға жіберіледі. Орталық күніне шамамен 200-ге жуық адамды қабылдайды.

Сондықтан донорлардың қатары көбейсе, нұр үстіне нұр.