"Бір ай уақыт беруді сұраймын" - Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
0 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір ай уақыт беруді сұраймын" - Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты

"Бір ай уақыт беруді сұраймын" - Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты

 

  • 12 Сәуiр 2022
  • 54
Фото - Caravan.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова министрлікке оралуы туралы айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер Дүйсеноваға бірнеше сұрақ қойды.

"Халықты бір сұрақ мазалайды: Тамара демалды ма? Өйткені Назарбаев сізді осылай деп отставкаға жіберген еді", — деп сұрады БАҚ өкілдері.

"Мен барлық уақытта жұмыс істедім. (…) Бір ай уақыт беруді сұраймын, содан кейін сіздерге шығып, барлық сұраққа жауап беруге дайынмын", — деді Тамара Дүйсенова Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.


11 сәуірде Тамара Дүйсенова қайтадан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған болатын.

 

Перейти к новостям спорта