"Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай, спортшысың ба, жаттықтыр!": Танымал журналист Елдос Сметовке тіл тигізді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай, спортшысың ба, жаттықтыр!": Танымал журналист Елдос Сметовке тіл тигізді

"Бір алтын әкелсең, тыныш жүр уағызыңды айтпай, спортшысың ба, жаттықтыр!": Танымал журналист Елдос Сметовке тіл тигізді

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Елдос Сметовтің желіде жеңісін Алланың қалауы деп айтқаны үшін, қатаң сынға алды.

  • 9 Тамыз
  • 14081
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Менің жазғаныма өрең жетпей ме?

Қолыңды қышытпай миыңды тынықтырып алып келіп, қайта оқы!

Сосын мен Сендерге үйлеріңдегі байларың (қатындарың) емеспін әй-мәйіңді көтеріп отыратын! Блокқа саламын! Сосын жүресіңдер екінші парақшамда мияулап @bibigul_dauletbekkyzy«шығарыңызшы» деп!

Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!

Менің міндетім — Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу!

Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!

Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!
Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазды журналист.