"Бір ән жазып жұлдыз болып кеттіңдер ме, төбеден жерге түсіңдер": Блогер жетімдер үйіне аяқ баспаған Дәулет Мұқаев пен әншілер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір ән жазып жұлдыз болып кеттіңдер ме, төбеден жерге түсіңдер": Блогер жетімдер үйіне аяқ баспаған Дәулет Мұқаев пен әншілер туралы

"Бір ән жазып жұлдыз болып кеттіңдер ме, төбеден жерге түсіңдер": Блогер жетімдер үйіне аяқ баспаған Дәулет Мұқаев пен әншілер туралы

Белгілі блогер Алексей Лодочников желіде жетімдер үйіне аяқ баспай қойған бір топ әншінің бар былығын әшкере етті.

  • 15 Желтоқсан
  • 18
Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогер желіде жанайқайын жеткізді.

«Достар, бәріне сәлем! Біз алғашқы «Жұлдыз болғым келеді» конкурсын аяқтадық. Осы конкурс аясында мен көптеген атақты әншілер мен ел алдында жүрген адамдарға хабарластым. Жюри құрмында, балалармен бірге ән айтсын дедім.

Олардың кейбірі менің хабарламамды оқымаған, бұл жерде енді ештеңе айта алмаймын, мүмкін уақыттары жоқ шығар. Мен әншілерге осы байқауға келіп, ән айтып берсе деген өтініш айттым, тіпті гонорарын да шамам келгенше төлейін дедім.

Толық ақшаны төлейін десем, ондай бюджет те, өзімде де ақша жоқ. Жай балалар үйіндегі бүлдіршіндерге қолдау көрсетсе деп ойлаған едім. Кейбір балалар мүмкін олармен бірге сахнада ән айтуды, оларды көруді армандайтын шығар. Қалай болғанмен бұл әлеуметтік жоба ғой.

Бірақ бұны ешқайсысы қыстырмады, бағаларын көрсеңіздер? Сосын мен тіпті жай ғана 5 секундқа видео сәлем жолдасаңыздар деп айттым. Бағасы 500 мың теңге, кейбірі 1 млн деді.

Мынадай әртістің видеосы 1,5 млн болады деді, ішімнен ойладым да қойдым. Бұл жерде тек бірақ нәрсе ғана айтқым келеді: Аспаннан жерге түсіңдер. Ешкімнің атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын, бірақ мен көбіне жаздым.

Әсіресе жас әртістер төбеден жерге түсіңіздер. Неге сіздерге жаздым? Себебі, жасөспірімдер сіздерді тыңдайды. Қайдағы 500 мың, 1 млн теңге? Бір өлең жазған соң, жұлдыз болып кеттіңдер ме? Сіздердің әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз қайда?!», — деп жазды блогер.

Перейти к новостям спорта