Бір апта ішінде бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір апта ішінде бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Бір апта ішінде бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді

Апта ішінде республика бойынша бір тоннаға жуық есірткі тәркіленді.

  • 29 Маусым 2011
  • 382
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Оның айтуынша, өткен жұмада 69 есірткі қылмысы, оның ішінде 34 есірткі сату фактісі анықталған. Жалпы өткен аптада елімізде 2900 қылмыс тіркеліп, оның 1833-і ізі суымай ашылған. Сондай-ақ 427 бұрын жасалған қылмыстың ашылуы аяғына дейін жеткізілді.

Қ. Темірованың мәліметі бойынша, «Кендір-2011» жедел алдын-алу іс-шарасының аясында өткізілген қарасораның өсу орындарын және есірткі жасау фактілерін анықтауға бағытталған арнайы операция өтуде.

Соңғы жаңалықтар