”Бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті” - Гүлнұр Мамасарипова Рүстем Жаныамановтың “Келінжан”-ға неге түспегенін түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 503.17
  • 600.89
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті” - Гүлнұр Мамасарипова Рүстем Жаныамановтың “Келінжан”-ға неге түспегенін түсіндірді

”Бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті” - Гүлнұр Мамасарипова Рүстем Жаныамановтың “Келінжан”-ға неге түспегенін түсіндірді

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова “Келінжан” телехикаясының жаңа маусымында актер Рүстем Жаныамановтың жаңа маусымда не себепті болмағанын түсіндірді.

  • 25 Қыркүйек 2025
  • 25
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”6 маусым мен көптен бері ойланып, келісім бермеген жағдай болған. Мен былтыр 5-ші маусымды өзім үшін жапқанмын. “Болды, осымен қояйық” деп. Өйткені, өте қиын болды. Сериалды жалғастыру емес, адами тұрғыдан. Адами фактор өте көбейіп кетті. Содан кейін тіпті бір-біріміздің алдымызда бетіміз ашылып кетті. Өзімнің абыройымды да, беделімді де табанға сала бергім келмеді. Олармен келісу де, олармен келесі маусым да болуы да қиындап кетті. Қаражат жағынан да қиындап кетті”, — деді продюсер.