Бұл туралы қоғам белсендісі Тоғжан Қожалы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Фото авторын таптым. Ол Deutsche Welle басылымының журналисті — Анатолий Иванов-Вайскопф", — деп жазды Тоғжан Қожалы.
Журналист қоғам белсендісіне суретті қашан, қай жерде түсірілгені туралы аз-кем ақпарат берген.
"Фотодағы адам қайтыс болды деп жатты. Кейін оны жоққа шығарды. Айта кету керек, 4-нен 5-не қараған түні ешкім қаруды қолданған жоқ еді. Өз басым тапаншамен жүрген ешкімді көрген жоқпын. Бірақ, арнайы резина оғы бар қару болды. Олар менің обьективімен бір, екі рет тиіп кеткен болатын. Суреттегі адамның кім екені белгісіз. Сәтпаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында түсірілді. Ол тірі шығар деген үміттеміз", — деді Анатолий.
Тоғжан Қожалы бұл суреттің халықаралық байқауға қатысуға әбден лайық екенін айтты.
Видео: https://www.facebook.com/100001793477809/videos/pcb.4627767227293014/911376732890952