«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жұртшылық қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің шығармаларына ден қоюда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жұртшылық қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің шығармаларына ден қоюда

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жұртшылық қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің шығармаларына ден қоюда

Елімізде жыл сайын «Бір ел - бір кітап» акциясы табысты өткізіліп келеді. Биыл республикамыздың кітапханалары мен оқу орындарында қазақтың көрнекті қаламгері Оралхан Бөкейдің шығармаларына ден қоюда.

  • 3 Қараша 2012
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Кітап оқу — білімділіктің көрсеткіші, мол кітап қоры — бақуаттылықтың бел­гісі. Абай «Артық білім — кітапта» деп айтты. Кітап — белгілі бір дәуір, уақыт алға қойып отырған көкейкесті мәселелері туралы парасатты жүректің рухани толғанысы, андыздаған ойы, ақшаңқан сезімі, эруди­циясы, дүниеге көзқарасы», деп жазады «Алаш айнасы» газеті сенбілік санында жарық көрген «Оралханға оралу» деген тақырыптағы мақаласында.

«Қайдасың, қасқа құлыным?» повесін оқып отырғанда, талай ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті жер, шығыстың байлы­ғына қана түсіп, талай ғасыр куәсі болған шежірелі Алтай тауларының баурайына табан тіреп тұрғандай, заңғар шыңдарына көз тігіп тұрғандай әсерге бөленесің. Әке тәрбиесі, отбасы құндылығы, үлкенге құрмет, аманатқа адалдық, байлыққа көзін сатпайтын адами қасиетті — қазақ­тың қанына сіңген қасиетті шығарманы оқи отырып қана көруге болады. Бұл шығарма шоқтығын тек биіктете түседі. Нағыз жазушы өз заманындағы әлеумет­тік-саяси, философиялық, эстетикалық ой-сана, білім, таным, идеялардың биігін­де тұруға тиіс, ендеше, жазушы осы үде­ден шыға алған деп ойлаймын. Өскелең ұрпақ бойына туған жер қасиетін сіңіру үшін, туған тілінің, дінінің қадірін ұғын­дыру үшін, оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын өлтірмей, атаның жаққан шыра­ғын өшірмей отыру үшін кітаптың берер пайдасы ұшан-теңіз.

Бір жазушының бір шығармасы немесе кітабын таңдап алып, оны бүкіл ел болып оқу тәжірибесі — ХХ ғасыр жаңа­лығы. Мұндай акция ең алғаш Жапонияда қолға алынған әрі күні бүгінге дейін дамыған елдерде өз жалғасын тауып келеді. Біздің елімізде биылға дейін осы акция аясында ақын-жазушылардың шығармаларын ел болып оқу тұрақты қолға алынған.

Соңғы жаңалықтар