Бір еркекпен тұратын егіз әйелдер одан бір мезетте жүкті болғысы келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 495.28
  • 518.41
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір еркекпен тұратын егіз әйелдер одан бір мезетте жүкті болғысы келеді

Бір еркекпен тұратын егіз әйелдер одан бір мезетте жүкті болғысы келеді

Австралияның Перт  қаласында тұратын өте ұқсас егіздер Анна және Люси Декинк бала көтергісі келетінін мәлімдеді. Бала көтергенде де жәй емес, бір мезетте жүкті болсақ дейді. Олардың Бен Байрн есімді бір жігітпен тұрып келе жатқанына 5 жыл болған.

  • 28 Шiлде 2017
  • 10961
Фото - Caravan.kz

250 мың долларға көптеген пластикалық оталарды бірдей жасатқан егіздер бұрынырақ бір еркекпен бірге тұратындарын айтқан еді. Енді онымен некелескісі келеді екен. Сондай-ақ, екеуі Беннен бір уақытта жүкті болуды көздеп отыр, деп жазады L!FE.    

Ойлары жақсы шығар. Бірақ бұлай жасау оңай ма? Егіз келіншектердің осыған басы қатып жүр. Өйткені табиғи жолмен әрекет жасағанда, біреуі жүкті болғанымен, екіншісіне бұл бақыт бұйырмауы мүмкін.

Оның үстіне басқа да сұрақтар туындап тұр. Екеуінің балалары бір-біріне кім болып келеді? Олар бір-біріне ұқсай ма? Бірақ егіздер қалай болғанда да бала көтеруді ойлап отыр. Бұны олар жасанды жолмен жасау жағын да қарастыруда.