"Бір еуропалық тренер бұйырмады": Ресейлік Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір еуропалық тренер бұйырмады": Ресейлік Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болды

"Бір еуропалық тренер бұйырмады": Ресейлік Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері болды

Жылына 1,2 миллион доллар жалақы алады екен деген ақпарат пайда болды.

  • 4 Маусым
  • 8
Фото: ашық дереккөз

Алайда Қазақстан футбол федерациясы Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оңғар Қабден деген журналистің парақшасындағы ақпарат бойынша, жаңа бапкердің жалақысы 1 миллион 200 мың доллар.

Бірақ федерация бапкердің жалақысы туралы ақпаратты жарияламайтынын мәлім етті.

«Келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра бапкердің жалақысы жария етілмейтінін хабарлаймыз. Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, күні кеше ғана Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалған болатын.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты ауыр қабылдады. Ресейден басқа ешкім табылмағанына ашулы.

«Бапкер дегенді футболы дамыған елдерден алдырмаушы ма еді? Мысалы бокстан бапкерді Ауғанстаннан алдыру есалаңдық болады, Мыналары да есалаңдық қой!», «Әп бәрекелді! Алсын! Халық не айтса соған көнгіш болған соң солар алмай кім алады». «Орыс келіседі, бөліседі, керек жерде жесіседі. Еуропалық бапкерлер үйте қоймас, мүмкін. Оларды да түсінейік». «Қазаққа бұндай қымбат футбол керек пе? Елдің жағдайы қиын, бұндай жағдайда «Доп ойнаған тозар» деген халық даналығын ұстанған жөн».