Бір ғана арыз-шағым үшін судьялар өз орындарынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір ғана арыз-шағым үшін судьялар өз орындарынан айырылуы мүмкін

Бір ғана арыз-шағым үшін судьялар өз орындарынан айырылуы мүмкін

Жоғарғы сотқа арызданған азаматтар облыстық соттардың немқұрайлы жұмысы туралы жиі айтып жатады.

  • 8 Шiлде 2011
  • 597
Фото - Caravan.kz

Бүгін 2011 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылауға арналған судьялардың кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров осы мәселеге баса назар аударды.

«Бәлкім, сіздерге келген адамның ойы қате шығар. Оған қарамастан, біз ол адамға көмектесуіміз қажет. Біз — жоғары әлеуетті заңгерміз. Сондықтан біз азаматттарға мәселенің мәнісін түсіндіре алуымыз қажет. Алдағы уақытта мен халықтың арыздарына атүсті қарау оқиғаларына баса назар аударатын боламын. Бір-ақ арыз-шағым үшін сіздер өз орындарыңыздан айырылатын боласыздар, құрметті сот жетекшілері, облыстық сот және сот алқаларының төрағалары. Егер нақты қандай да бір жауапсыздық оқиғасы орын алатын болса, мен Жоғарғы сот кеңесі мен сот жюриі алдында бұл мәселені қоятын боламын», — деп атап көрсетті Б.Бекназаров.

Соңғы жаңалықтар