Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Бір қазақ табылмады ма?!
Милан олимпиадасында көк туымызды Денис Никиша мен Яна Хан ұстап шығады. Спортқа жауапты министрліктің қоғамдық кеңесінде осындай шешім қабылданған. Ұлтшыл деп сөгетін шығарсыз. Бірақ, үнсіз қалуға тағы болмайды. Қысқасы, осы туды ұстап шығатын бір қазақ баласы табылмады ма?! Шорт-тректе не фристайлда ел намысын қорғайтын қандастардымыз ше?! Олар неге ескерілмейді? Олар неге шет қалады?
Кеңесте әлгі екеуін асыра мақтаған Нұрлан Есембаев осыған да жауап берсін! Иә, Денис пен Янаның жетістіктері жақсы. Оларға қарсы да емеспін. Бірақ, басқалардың да көрсеткіштері артық болмаса, кем емес қой. Онсыз да әр олимпиадада ту ұстайтын екеуінің біреуі қазақ болатын. Енді көк туымызды ұстайтын бірде-бір қазақ жоқ па?! Біз қай елде өмір сүреміз? Біз қай халықтың ұрпағымыз? Біз қай жұрттың мүддесін қорғаймыз? Спорттың басында осындай ағалар тұрғанда ешқашан көгермейміз. Өкінішті…
Айтпақшы, әлгі жиын жабық өтті. Жалпы соңғы кезде осындай маңызды жиындар жабық өтіп жүр. Ашықтық қайда? Жариялылық қайда? Не жасырып жүрсіңдер? Білгендеріңді жасаймыз деп ойламаңдар! Біз аңғал шығармыз. Алайда, ақымақ емеспіз…», — деп жазды журналист.