Айтуынша, оны әлдекімнің көлігін жай ғана сырып кеткені үшін, көшеде ұрып өлтірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Атырауда кәсіпкер Амандық Сағынғалиевты тапа-тал түсте көлігімді соқты деген азамат ұрып өлтірген. Кәсіпкерді сабап жатқанда жұрт араша түспей қарап тұрған. Марқұм өзін өлтірген көлік иесінің машинасын болмашы ғана сырып өтіпті. Видеодан көрсеңіздер марқұм мүлдем қарсыласпаған. Атыраулық азаматтар көп хабарласып жатыр. Қайтыс болған марқұмның артында жесір әйел, жетім балалары қалды. Қит етсе адам өлтіруден қайтпайтын қаныпезерлер көбейіп барады. Бір қазақтың уахабит, салафит, такфирит, құранит, нұршы, сүлейменші, тәңіршіл болып былай бөліне беруі мемлекеттімізге кесірі тиетіні хақ. Халқымыздың мейірімі, пейілі қайда кеткен?
Үн қатайық», — деп жазды ол.