"Бір күнде 7 система, 2 укол салған": Екі жасар сәбидің дәрігердің білімсіздігінен өлім құшқаны рас па - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір күнде 7 система, 2 укол салған": Екі жасар сәбидің дәрігердің білімсіздігінен өлім құшқаны рас па

"Бір күнде 7 система, 2 укол салған": Екі жасар сәбидің дәрігердің білімсіздігінен өлім құшқаны рас па

Атыраулық Азамат Қуанышев пен пен Айымгүл Айтбаева 2,5 жасар ұлдарынан айырылған. 

  • 9 Ақпан
  • 696
Фото - Caravan.kz

Олар Мұхаммедтің өліміне өздері ем алған "Қонжық" емханасының дәрігерін кінәләйды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Бірінші Айгерим Асқарқызының Instagram парақшасын бақылап жүрдім. Жүрмеген бала жүріп кетті, сөйлемеген бала сөйлеп кетті деп видеолар салып жүрді. Содан кейін жазылған пікірлердің бәрін оқып шықтым, көпшілігі мақтаған екен. Содан соң, үйдегілерге көрсетіп, ақылдасып, дәрігердің кеңесін алуға бардық. Көптеген препараттарды тағайындады, сосын бір күнде 8 система саласыңдар деді. Біз біреуін ғана алған жоқпыз, бір күнде 7 система, 2 укол, дәріханадан алатын 3-4 дәрі алдық. Бізге ем-домды 10 күнге жазып берді. Бірақ, бала бесінші күні қызулап, іші қатып, көзі ісіп кетті. Содан кейін бір аяғы тартылып мүлде жатып қалды", — дейді Мұхаммедтің анасы. 

Әкесінің айтуы бойынша, 2 жасар Мұхаммедке Атырау қаласында дәрігерлер диагноз қоя алмаған.

"Бала тек жүрмейтін, еңбектейтін. Атырауда қаралдық, ол жақта ешкім ештеңе айта алмады, нақты диагноз қоя алмады. Алматы үлкен қала болған соң жақсы болып кетер деген ниетпен келдік. Бірақ көтеріп алып келген баламыздың сүйегін алып кеттік. Бірінші дәрігерге келгенде баланы осмотр жасады. Анализ тапсыртқызды, баланың басын тексертті. МРТ-ға түсіріп, балада киста бар деді. Басты мәселе мида деді. Берген дәрілерін, массажын алдық. 4 күннен кейін балада теріс өзгерістер болған соң емді тоқтатып тастады. Массажды жеті күннен кейін тоқтатты. Мен кейін біз қайта берейік, емді тоқтатайық дедім. Ол жоқ, сіздер бақылауда боласыздар деді", — дейді Азамат Қуанышев. 

Азамат Қуанышевтың айтуынша, әлеуметтік желіде танымал бұл дәрігердің бір реттік қабылдауы да қомақты қаражатты талап етеді. 

"Біз кеңес алуға, яғни консультацияға 200 мың теңге бердік. Барлығы да осындай ақша береді. Массаждары бір курсы 100 мың, системаның бір курсы 100 мың", — дейді ол. 

Сәбиге тағайындалған дәрі-дәрмекпен танысқан дәрігердің айтуынша, сәбиге жүргізілген ем мен қойылған диагноз дұрыс емес. 

"Бір күнде балаға мұндай ем беру емес, протоколға да сай келмейді. 22 түрлі дәрі берген. Диагноздың өзі дұрыс емес. Бір балаға 10 диагноз қойған", — дейді балалар хирургы Рамиль Өтемісұлы. 

Марқұм болған сәбидің анасы ұлының жекеменшік емханада алған дәрілерден уланғанын айтады.

"Ем алғанға 1 апта болған кезде баланың жағдайы күрт нашарлады. Біз жедел жәрдемге хабарластық. Баланы көріп, кислород жетпей тұр деді. Бірден кислород қойып, анализдер алды. Кейін жан сақтау бөліміне алып кетті. Инфекциялық ауруханадағы дәрігерлер баланың алған емін көріп, сұмдық, балаңыз уланған, біздің салған дәрілерді баланың ағзасы қабылдамай жатыр, иммунитеті нөл деді. Ол жақта балаға ота жасады, бір күннен кейін ол комаға түсті. Кейін баламды көргенде танымай қалдым, қатты жүдеп, кішкентай болып қалған. Бала комада жатқанда тек жүрегі соғып тұрды, басқа ағзалары жұмыс істеп тұрған жоқ деді. Сол күні баламыздың шетінеп кеткенін хабарлады", — дейді Аймгүл Айтбаева.