"Бір күні паранжа киіп шықсаң таңқалмайтын болдық": Ақбота Нұр желідегілерді ашуландырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір күні паранжа киіп шықсаң таңқалмайтын болдық": Ақбота Нұр желідегілерді ашуландырды

"Бір күні паранжа киіп шықсаң таңқалмайтын болдық": Ақбота Нұр желідегілерді ашуландырды

Жақында ғана Дәурен Айдарқұловпен ажырасып, одан кейін стилін өзгертіп хиджаб киіп алған Ақбота Нұр әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа суретін жариялаймын деп сынға қалды.

  • 16 Қараша 2020
  • 260
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші араб стиліндегі орамал тартып алғанын жариялаған бойдан желідегілердің ашуына тиді. Оның оқырмандары әншіні арабтарға еліктегіштігі үшін сынға алып, жаңа образын қызу талқылап тастаған.

Кейбір оқырмандар әншінің "намазхан" жігітке тұрмысқа шыққанын да болжап жазды.

"Арабтың еркектеріне ұқсап қалыпсың сал орамал тақсаңда қисынға келтіріп тақсай", "Шейхтың әйелі болған ба", "Араптардың киімін дәріптемей өзіміздің қазақ қыздарының образын көрсетсе зор болар еді, бізде мынандай әдет қалыптасқан оранса болды ол адам намаз оқиды, тақуа екен деп шығады оранып ап талай жаман нәрселер жасап жатқандарды да көріп жатырмыз, адамның санасына берсін тазалықты, аллаға құлшылық етсең, арапша оранбасаң қабыл алмайды деген жоқ, ниет еткен жандардың барлығын қабыл алады екен", "Бір күні паранжа киіп шықсаңыз таңқалмайтын болдық", — деп жазды желі оқырмандары.