"Бір маусымда жиналған су дегенге кім сенеді": Белгілі журналист Ресейдегі Иректі су қоймасы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір маусымда жиналған су дегенге кім сенеді": Белгілі журналист Ресейдегі Иректі су қоймасы туралы

"Бір маусымда жиналған су дегенге кім сенеді": Белгілі журналист Ресейдегі Иректі су қоймасы туралы

Журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы еліміздің батыс өңіріне Иректі су қоймасынан келіп жатқан су бір маусымда жиналатын суға ұқсамайтынын айтты.

  • 11 Сәуiр
  • 130
Фото - Caravan.kz

Солтүстіктегі көршіміздің елге тигізген кесірі туралы Сәуле Әбілдаханқызы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ресей Жайықтан суды қызғанып, Иректі су қоймасына неше жыл бойы су жинады екен?..

«Су тапшылығы болады» деп, күндердің күні болғанда қазаққа су сатамыз деп жинап-жинап, Жайықты да, Каспийді де тарылтқан солар-ау…. енді міне, жылдар бойы жиған суын қайда сыйғызарын білмей, бүкіл шлюздерін ашып, жер-әлемді топан суға көміп…. мына су бір маусымда жиналған су дегенге кім сенеді?…

Бұл шәкпастар бүкіл әлемге, бүкіл адамзатқа бәле болды ғой……», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Иректі су қоймасынан келіп жатқан су көлемі жөнінде Атырау облысының әкімдігі де пікір білдірген.

«Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылғы 11 сәуір 8 сағаттағы жағдай бойынша:

— Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің 21 смге дейін көтерілді. БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі — 264 см құрайды,
— Махамбет кентінде су деңгейі 37 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 260 см құрайды.,
— Атырауда 27 см, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 121 см.
— 11 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 902 м3 / с құрайды», — делінген Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарламасында.