«Бір метр жер Қытайдың қолына өткен емес»: Әкім көптің көкейінде жүрген сұраққа нүкте қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір метр жер Қытайдың қолына өткен емес»: Әкім көптің көкейінде жүрген сұраққа нүкте қойды

«Бір метр жер Қытайдың қолына өткен емес»: Әкім көптің көкейінде жүрген сұраққа нүкте қойды

«Шығыс Қазақстан облысындағы жерлер шетелдік азаматтарға сатылмайды деп сеніммен айта аламын. Осы уақытқа дейін жер жалға беріліп келді, алайда, сатылған жоқ. Соңғы ақпарат жалған екенін ескертемін», - дейді облыс басшысы.

  • 3 Маусым 2019
  • 30
Фото - Caravan.kz

Әкім көптің көкейінде жүрген сұраққа нүкте қойды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Соңғы күндері Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарындағы жерлер Қытай кәсіпкерлеріне сатылып жатыр деген ақпарат тараған. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов брифингкте ақпараттың жалған екенін айтты.

«Облыс әкімі ретінде ресми түрде Үржар, Құршым, Жармын аудандарындағы бір метр жер де Қытайдың жекеменшігінде емес екенін хабарлаймын. 2016 жылы Нұрсұлтан Назарбаев жерді шетелдік азаматтарға сату туралы заңға мараторий жариялаған болатын. Биліктің кез келген әрекеті бұқаралық ақпарат құралдары мен халыққа ашық айтылады», — дейді Даниал Ахметов.

Осылайша, жердің сатылмайтынын айтып қуантқан облыс басшысы жалға берілген жерлердің бар екенін де жасырмады.


«Шығыс Қазақстан облысындағы жерлер шетелдік азаматтарға сатылмайды деп сеніммен айта аламын. Осы уақытқа дейін жер жалға беріліп келді, алайда, сатылған жоқ. Соңғы ақпарат жалған екенін ескертемін», — дейді облыс басшысы.