Оның шеңберінде дәстүрлі музыка кеші, еліміздің еңбегі сіңген қайраткері, композитор Әбдімомын Желдібаевтың компакт-дискісінің таныстырылымы және жамбылдық танымал орындаушылардың қатысуымен концерт ұйымдастырылады деп күтілуде.
Жоспар бойынша фестиваль шаһардағы «Достық» орталық алаңындағы шарамен аяқталады. Ал бүгін кешқұрым бір мың адамнан құралған хор қазақтың 7 әнін шырқайтын болады.
«Қаратау сарыны» фестивалінде Қазақстанның, Қырғызстанның, Қытайдың, Түркияның, Әзербайжанның және Башқұртстанның әншілері шеберліктерін паш етеді.