Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Марқұм Ақнәр Хамиттің өмірінің соңғы сәттеріндегі видеосы әрі жазбасымен журналист Руслан Өтепбай бөлісті. Бойжеткеннің анасынан сұхбат алған ол, бұл видео мен жазбаны анасының рұқсатымен жариялаған.
«Тағы бір нәрсені түсіндім, жақсы достар шынымен де жақсы бола бермейді. Олар саған шын жүрегімен ақтарылуы мүмкін немесе мен бір нәрселерді жеткілікті жасамаған болармын.
Бірақ түсінгенім өзіңе сүйінесің. 18 жасымда Гүлшәт тәтемнің айтқаны бар еді. Адам бәрібір жалғыз, тек өз-өзіңді шыңдағанда барлығы жақсы болады», — деп жазған бойжеткен соңғы видеоларының бірінде.