Қоныс аударған қазақтардың митингіге шығуына осындағы бір оралман отбасына қарақшылық шабуыл жасалуы түрткі болған. Шабуыл салдарынан аталмыш отбасының отағасы пышақ жарақатынан қаза тапса, жарақат алған оның анасы ауруханаға жатудан бас тартқан.
Қарақшылық шабыл жасау оқиғасы кеше, 20-қыркүйек күні түнде Жалғызағаш ауылында болған. Үйге бетперде киіп, мылтық және пышақтармен қаруланған екі адам басып кірген. Қарақшыларға қарсылық көрсеткен отағасы ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болған.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Шабуылшылардың аты-жөнін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр.
Облыс орталығындағы алаңға жиналған оралмандар қылмыскерлерді тауып, жазаға тартуды талап етуде. Митингіге қатысушылармен облыстық атқамінерлер кездесті. Олар жиналғандарды мәдениет сарайында әңгімені жалғастыруға шақырды.