Аталмыш қылмыс 1999-жылдың қараша айында болып, бір отбасының ерлі-зайыпты жұбы мен олардың 11 жастағы егіз екі қызы дыбыс тұншықтырғышты тапаншадан оққа ұшқан болатын.
Шұғыл іздестіру шараларының нәтижесінде бір кісі өлтіргіштің аты-жөні анықталған.
Алайда жасырынып ізін суытқан қаныпезер Қазақстан аумағынан шығып үлгерген еді.
Сөйтіп қылмыскерге мемлекетаралық іздеу жарияланған. 2003-жылдың наурызында күдікті Өзбекстанның Гуллистан қаласында тұрады деген ақпар жетіп, Алматы қалалық ІІБ қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлерінен жасақталған жедел топ Гуллистанға аттанды.
17-наурызда күдікті қолға түсті. Халықаралық келісім талаптарына сәйкес ҚР бас прокуратурасы қылмыскерді Қазақстанға экстрадициялау туралы рұқсат алып, қылмыскер тергеу жұмыстары үшін Алматыға жеткізілді.
Баспасөз орталығының мәліметтеріне жүгінсек, алдын-ала тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін тұтқын Өзбекстанға кері қайтарылып, қылмыстық іс сонда жолданады. Қылмыскер осы елдің заңдарына сәйкес жаза жүктейді.